Қоғамдық кеңестердің су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуы жайлы Үйлестіру орталығының отырысында талқыланды

Қоғамдық кеңестердің су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуы жайлы Үйлестіру орталығының отырысында талқыланды

Астанада министрліктер мен ведомстволардың, квазимемлекеттік сектор мен облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қоғамдық кеңестері төрағаларының қатысуымен Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының бірінші отырысы ұйымдастырылды.

Отырыста қоғамдық кеңестердің су тасқыны іс-шараларын ұйымдастыру және аймақтардағы су тасқынынан кейінгі зардаптармен күресу секілді негізгі мәселелер қаралды.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова қоғамдық кеңестерді зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселелерін, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және көлік инфрақұрылымы, құрылыс, тұрғын үй және т. б. мәселелерді қарау кезінде қоғамдық бақылау жүргізуге белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ кездесуде Қоғамдық кеңестердің қызметін жандандыру бойынша әрекет жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Үйлестіру орталығы қоғамдық маңызды мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестер өкілдерінің біріккен тұтас пікірін әзірлеу үшін құрылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі