ҚР МАМ-ға 6035 ҮЕҰ мәліметтерді уақтылы ұсынды

ҚР МАМ-ға 6035 ҮЕҰ мәліметтерді уақтылы ұсынды

ҮЕҰ-дан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізетін «ҮЕҰ Дерекқорына»мәліметтерді қабылдау аяқталды.

Биыл мәліметтерді 6035 үкіметтік емес ұйым уақтылы ұсынды, бұл өткен есеп беру кезеңіне (5210) қарағанда 13,67% артық.

Айта кетейік, жыл сайын есеп беру кезеңі 1 қаңтардан бастап, 31 наурызға дейін жалғасады.

Сөйтіп ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы берілген барлық мәліметтер сол жылдың 1 сәуірінде уақтылы қабылданған болып есептеледі.

Бұл оңтайлы үрдіс әр аймақтағы ішкі саясат және қоғамдық даму басқармаларына қарасты жергілікті атқарушы органдардың жүйелі жұмыс нәтижесі.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақтылы және сапалы ұсыну мәселесі бойынша ҮЕҰ-мен өзара байланыс жалғасатын болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі