Астанада «Зияткерлік меншік – креативті экономиканың негізі. NO IP – NO EСОNOMY» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті

Астанада «Зияткерлік меншік – креативті экономиканың негізі. NO IP – NO EСОNOMY» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті

Жиын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық зияткерлік меншік институты және Шығармашылық бастамалар мен мәдени мұра қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Оның мақсаты – креативті индустрияның IT-инфрақұрылымын дамыту, зияткерлік меншік құқығын кеңінен насихаттау және халықаралық инвестициялар тарту.


Диалог алаңында Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Грузия, Молдова елдерінің сарапшылары мен мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің өкілдері бас қосты.


Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Креативті индустрия департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева қатысты.


Дөңгелек үстелде цифрландыру дәуіріндегі креативті индустрияны дамытудың негізгі тенденциялары мен перспективасы, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау үшін жасанды интеллект пен блокчейн технологиясын пайдалану, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибе талқыланды.


Дөңгелек үстелдің маңызды бөлігі шығармашылық құқықтарды тіркеу, қорғау және монетизациялау бойынша ең жақсы шешімдер ұсынатын қазақстандық «AUDOO.QZ» компаниясының тұсаукесері болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі