«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Қазақстанның жастар ұйымдары 2300 іс-шара өткізді

«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Қазақстанның жастар ұйымдары 2300 іс-шара өткізді

Су тасқыны салдарымен күресу және зардап шеккендерге көмек көрсету аясында «Күшіміз бірлікте» акциясы жарияланды. Акцияны аймақтардағы жастар ресурстық орталықтары, волонтерлер, саяси партиялардың жастар қанаты және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қолдады.

Атап айтсақ, жастар ресурстық орталықтар қолдауымен гуманитарлық көмек қабылдау бойынша жұмыстарды 20 волонтерлер фронт-кеңсесі атқарды. Жастар ресурстық орталықтары жанынан жұмыс істейтін көмек жинау пункттерінде зардап шеккендер үшін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 4 048 тонна көмек жиналды.

Облыстық жастар ресурстық орталықтарының басшылары су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шараларға, оның ішінде қажетті гуманитарлық көмекті жеткізуді үйлестіру жұмыстарына белсенді қатысуда.

Сонымен қатар, республикалық жастар ұйымдары акция шеңберінде 2,3 мыңнан астам іс-шара өткізді. Іс-шараға 32,5 мыңға жуық белсенді жастар қатысып, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көмек көрсетіп, гуманитарлық көмекті қабылдау және іріктеу жұмыстарына атсалысты.

Түркістан, Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарының, Астана қаласының жастар ресурстық орталықтары Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі