ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндірді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндірді

Бүгін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жоба волонтерлерінің жалпы республикалық «Дөңгелек үстелі» өтті. Кездесу барысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллалары таныстырылды.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов, сонымен қатар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты мен аумақтық басқармалар қызметкерлері және белсенді қоғам қайраткерлері мен волонтерлер қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова сөз сөйледі. Оның айтуынша, азаматтық қоғам институттарының өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды іске асырудың маңызы жоғары.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның нормаларына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын одан әрі ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленді.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі