БҰҰДБ МАМ қызметкерлеріне дәріс оқыды

БҰҰДБ МАМ қызметкерлеріне дәріс оқыды

Мемлекеттік мекемелер үшін гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі сертификаттау бағдарламасының шеңберінде БҰҰДБ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлеріне «Жұмыс орнындағы харассмент пен жыныстық бопсалауға қарсы әрекет» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда осы тақырыпта пилоттық жоба басталған.

Аталған іс-шаралар харассментке төзбеу саясатын жүзеге асырып, сонымен қатар харассменттің алдын алу мақсатында оған аса мән беру және әрекет ету сияқты шаралар қолдана отырып, қоғамда оған төзбейтін орта қалыптастыруға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі