«Простор» республикалық көркем-әдеби журналы байқау жариялайды

«Простор» республикалық көркем-әдеби журналы байқау жариялайды

«Простор» республикалық көркем-әдеби журналы биыл қазақстандық көрнекті жазушы Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай, байқау жариялайды.

Байқауға қатысу үшін шағын эссе жанрындағы шығармаларды Prstr@mail.ru редакция поштасына жіберу қажет. Қазылар алқасы таңдаған туындылар журналдың кезекті басылымдарына шығады, ал конкурстың қорытындысы «Простордың» 12-нөмірінде жарияланатын болады.

Жеңімпаздар үшін сыйлықақы беріледі: бірінші орын үшін – 100 мың теңге; екі екінші орын үшін – 75 мың теңгеден, үш үшінші орынға - 50 мың теңгеден.

«Простор» газетінің төртінші және бесінші нөмірлерінде Герольд Бельгердің өмірінің соңғы кезінде жазған, әлі де баспаға шықпаған эсселері жарияланады. Байқауға қатысушылардың, белгілі жазушылардың, әдебиеттегі жас қаламгерлердің, орыс тілінде жазатын әртүрлі жастағы түрлі ұлт өкілдерінің шығармалары, қазақ тілінен аударылған туындылары жарияланады.

Бұл еңбектер кезекті әр нөмірде басылып шығады деп жоспарлануда, ал қорытынды 2024 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі