Астанада азаматтық қоғам рөлін күшейту мәселелері талқыланды

Астанада азаматтық қоғам рөлін күшейту мәселелері талқыланды

Бүгін азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті.

Қатысушылар Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзін талқылап, азаматтық қоғамның рөлін күшейту, БАҚ қауіпсіздігі, құқықтық мәдениет және жастар саясаты мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың да қызметі қаралды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі