БҰҰ-ның Халықаралық Еріктілері лауазымдарын иеленуге Қазақстан Республикасының азаматтары үшін байқау

БҰҰ-ның Халықаралық Еріктілері лауазымдарын иеленуге Қазақстан Республикасының азаматтары үшін байқау

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер (БҰҰ) бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен БҰҰ халықаралық еріктілерді қабылдауы туралы хабарлайды.

Волонтерлер ұзарту мүмкіндігі бар 1 жылдық келісім-шартпен Кения, Таиланд және Түркиядағы БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелеріне жолданады.

Өтініш берушілердің тәжірибесі мен жасына байланысты жастар және мамандар санатындағы 7 позиция қолжетімді.

Волонтерлерді іріктеу бойынша барлық рәсімдер БҰҰЕ регламентіне сәйкес 14 ақпанды қоса алғанда жүзеге асырылады.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы арасында қазақстандық волонтерлердің БҰҰ халықаралық волонтерлері ретінде қатысуын көздейтін Келісім жасалғанын атап өткен жөн. Бағдарлама әлемдегі тұрақты даму мәселелерін шешуде және Тұрақты Даму Мақсаттарына қол жеткізуде БҰҰ жүйесінің бір бөлігі ретінде, қазақстандық еріктілердің халықаралық әріптестерімен білім және тәжірибе алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған.

Осы уақыт ішінде 7 қазақстандық БҰҰ құрылымының әртүрлі бөлімшелерінде өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асырды.

Келісімшарттары аяқталғаннан кейін 6 қазақстандық ерікті БҰҰ-ның дүние жүзіндегі бөлімшелерінде жұмыс істеуге шақырылды.

Толық ақпарат келесі сілтемелерде және БҰҰ-ның unv.kazakhstan ресми парақшасында.

  1. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745810629331200/social.html
  2. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745810954169600/social.html
  3. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745811738812672/social.html
  4. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745809787002112/social.html
  5. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745807804262656/social.html
  6. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745824806354176/social.html
  7. https://app.unv.org/api/doa/doa/1745904294156544/social.html

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі