«Астана Опера» театрының балет әртісі Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиадада I дәрежелі лауреат атанды

«Астана Опера» театрының балет әртісі Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиадада  I дәрежелі лауреат атанды

 «Астана Опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев «Одиссея-Arts» Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиаданың «Хореография» номинациясында I дәрежелі лауреаты атанды. Арт-олимпиадаға отбасылық фольклорлық ұжымдар мен түрлі жастағы нақты орындаушылар қатысты. Олар ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, ал «Театр өнері» номинациясында ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бір-бір нөмірден ұсынды.

 «Арт-олимпиаданың ұйымдастырушысы Кремль сарайы сахнасындағы гастроль аясында менің Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі өнер көрсетуімді көріп, байқауға қатысуға ұсыныс білдірді.  Байқауға арналған нөмір А.Аданның «Корсар» балетінен па-де-дені дайындадым. Еңбегімнің халықаралық деңгейде бағаланғанына қуандым, мұндай құрмет әрбір әртісті шабыттандырады», - деді Қуат Кәрібаев.

 «Одиссея-Arts» көпжанрлы арт-олимпиадасы «Білім, мәдениет және өнердің көпұлтты қоғамды дамыту факторы ретіндегі интеграциясы» халықаралық ашық форумы аясында өнердің әр түрін орындаушыларды, сондай-ақ түрлі мәдениеттер мен ұлт өкілдерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі