Елімізде жеңілдетілген ипотекалық несие беру бойынша жастар бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. Биыл аталған жоба Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосу жоспарланған.
Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын «Отбасы Банкі» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен облыс және қала әкімдіктерімен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Бағдарламаларға 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Әр аймақтағы кәсіптер тізбесін бағдарлама басталар алдында әкімдік жинақтайды.
Бағдарламаларға қатысатын азаматтарға қойылатын негізгі талаптар:
Несие шарттары:
Несие бойынша сыйақы мөлшері - жылдық 5% - дан бастап
Несие мерзімі-19 жылға дейін
Бастапқы жарна-несие сомасы -10%
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі