ҚР МАМ-де Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды

ҚР МАМ-де Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәскеу Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаментінің басшысы Сергей Череминмен кездесті. 

Аида Балаева Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің стратегиялық серіктестер екенін атап өтті.

Екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл барлық бағыттарда атап айтқанда, мәдениет саласында белсенді жүргізіледі.

Жақында Қазақстанда Астана қаласында Мәскеудің мәдениет күндері өтіп, «Орыс маусымы» жобасы сәтті жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, тараптар креативті индустрияларды дамыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және мәдени байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.