Нұркен Әшіров Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректорының міндетін атқарушы ретінде қызметіне тағайындалды

Нұркен Әшіров Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректорының міндетін атқарушы ретінде қызметіне тағайындалды

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректорының міндетін атқарушы ретінде қызметіне тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды.

Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері.

2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы қызметін атқарған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.

Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшыны құттықтап, қызметін абыроймен атқаратынына үлкен сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.