Алматыда Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық көрме ашылды

Алматыда Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық көрме ашылды

Көрмеге өңірлерден келген 250-ден астам кәсіби қазақстандық суретшілердің, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Беларусь, Бурят, Литва, Тәжікстан, Украина және Молдова суретшілерінің туындылары қойылды.

Сонымен қатар көрмеде заманауи өнердің барлық жанрлары мен стильдері, әр түрлі көркемдік қозғалыстардың тоғысында жасалған, сапалы жаңа шығармашылық жаңалықтар мен жаңа пластикалық мүмкіндіктер бар туындылар ұсынылған.

Бұл көрме Қазақстандағы кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби форумы болып табылады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы ұйымдастырды.