
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының қызметін реттеу, ақпараттық интернет-ресурстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ресімдеу бойынша ұсынымдар әзірледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ұсынылып отырған ұсынымдарды ұстануға, сондай-ақ жалпыұлттық аза тұту күніне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.