ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік мекемелерге арналған Гендерлік теңдікке қолжеткізу бойынша сертификаттау бағдарламасына қатысады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік мекемелерге арналған Гендерлік теңдікке қолжеткізу бойынша сертификаттау бағдарламасына қатысады

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов БҰҰДБ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі жаһандық директоры Ракель Лагунаспен кездесті.

Бұған дейін халықаралық ұйымның өкілдері мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға мемлекеттік мекемелер үшін гендерлік теңдікке қолжеткізу бойынша сертификаттау бағдарламасын таныстырған болатын.

Кездесу барысында Министрліктің сертификаттауға қатысуының егжей-тегжейлі мәселелері талқыланды.

Бұл жоба 2021 жылы арнайы мемлекеттік мекемелер үшін әзірленді және гендерлік теңдікке қолжеткізуде, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде сараптамалық және техникалық қолдау көрсетеді.

Барлық талаптарды іске асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қола, күміс немесе алтын сертификат беріледі.

Айта кетейік, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеуіне сәйкес, 2023 жылы Қазақстан әйелдерді кемсіту деңгейі ең төмен ел ретінде танылды.

Кейбір позициялар бойынша ҚР көрсеткіштері Орталық Азия елдерінің орташа деңгейінен жоғары.

«Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында қабылданып жатқан шаралар елімізге қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындауға, орнықты даму саласындағы мақсаттарға қолжеткізуге, сондай-ақ 2030 жылға дейін ҚР-дағы отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының міндеттерін шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Евгений Кочетов.

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.