Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің Жұмыс тобы 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 9-бабына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесін мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өтетіні туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өтеді.
Құжаттар 2023 жыл, қазан айының 11–24 аралығында қабылданады.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы саны - 21 адам.
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар қажетті куәліктерді өздері немесе ақпараттық жүйелерден Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органдардың көрсетілген анықтамаларды сұратуға келісімін бере отырып тапсырады.
Құжаттар Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, 14-кіберіс мекенжайы бойынша қабылданады немесе qogamdyqkenesmior@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Анықтама телефоны: 8 7172 74 04 50.