ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған семинар өтті

ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған семинар өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған этносаяси сауаттылық бойынша семинар өтті.

Семинарда ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сөз сөйледі.

Семинарды аша отырып, Комитет төрағасы этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын, тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, мемлекетіміздің біртұтас халқын біріктіретін ортақ құндылықтар мен мүдделерді қалыптастыру жөніндегі міндеттерді атап өтті.

Іс-шараға 30 депутат құрамында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, атап айтқанда, ұлт бірлігін қамтамасыз ету, этносаралық ахуал үшін тәуекелдерді анықтау және оның алдын алу, мигранттарды интеграциялау, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» орын алуына жол бермеу, этностық немесе тілдік қағидат бойынша кемсітушіліктің кез келген түрін болдырмау, зерттеу жобаларын қаржыландыру және т.б. мәселелер көтерілді.