
Ресейдің Омбы қаласында «Иртыш – территория дружбы и созидания» атты ТМД елдерінің студенттік жасақтары слеті өтті. Іс-шараға Достастық елдерінің жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жастар дипломатиясын дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Пленарлық отырыста қатысушыла жастар саясаты мен волонтерлік қызмет бағытындағы озық тәжірибелерді ортаға салды. Сондай-ақ халықаралық студенттік жасақтардың жұмысын дамытуға арналған стратегиялық сессия, құрылыс, медицина, педагогика және қызмет көрсету бағыттарындағы жасақтардың қызметіне арналған тақырыптық кездесулер мен дөңгелек үстелдер өтті.
Слет барысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы мен «Ресей студенттік жасақтары» бүкілресейлік жастар қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат Қазақстан мен Ресей студенттерінің ортақ жобаларға қатысуына, еңбек жасақтарының жұмысын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі