
Астанада мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселесіне арналған кездесу өтті. Жиынға ҚР Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының соңғы зерттеулерінің нәтижелері таныстырылды.
Сарапшылар жастар саясатын жетілдіру, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру және жастармен жұмыстың жаңа тәсілдерін енгізу жөнінде пікір алмасты.
Жиын қорытындысында жастардың бүгінгі сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қатысты алдағы зерттеу жұмыстарының бағыттары айқындалды. Сондай-ақ тиісті ұсыныстар әзірлеу мәселесі пысықталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі