
Отандық әдебиет, кітап шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған грант байқауына өтінім қабылдау аяқталды.
Байқауға барлығы 172 өтінім түсті. Іріктеу нәтижесінде 10 жеңімпаз анықталып, әрқайсысына 5 млн теңгеден грант беріледі. Жалпы грант қоры – 50 млн теңге.
Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да жанрлардағы жобалармен қатар, LitTech бағытындағы цифрлық бастамалар қабылданды.
Байқау қорытындысы QazaqCreative цифрлық платформасында жарияланады.
Грант байқауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастырады.
Бастама отандық авторлар мен кәсіпкерлердің әдебиет, кітап шығару және цифрлық технологиялар саласындағы жобаларын қолдап, жаңа өнімдер әзірлеуге ықпал етуді көздейді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі