Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы Ли Кай-Фумен кездесті

Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы Ли Кай-Фумен кездесті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Ли Кай-Фумен кездесті.

Тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту және жасанды интеллект технологияларын мәдениет пен ақпарат салаларында пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде жасанды интеллект саласын дамыту Қазақстанның цифрлық жаңғыруындағы негізгі бағыттардың бірі екені атап өтілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі