
Қазақстан Республикасының Болат Аюханов атындағы Мемлекеттік академиялық би театры 60-шы театр маусымын «Аюханов. Мұра. Наследие» гала-концертімен ашты.
Биылғы маусымның театр ұжымы үшін мәні айрықша. 2026 жылы театрға оның негізін қалаушы, көрнекті хореограф Болат Аюхановтың есімі ресми түрде беріліп, ұжым жаңа маусымды алғаш рет өнер иесінің атымен бастады.
Гала-концерт бағдарламасы Болат Аюханов шығармашылығының сан қырын танытатын әр жылдардағы қойылымдарды қамтыды. Көрермен отандық хореографияның алтын қорындағы «Мәңгілік қозғалыс», «Суретші мен аққу», «Махаббат армандары», «Айжан қыз», «Домбыралармен би» туындыларын, «Шыңғысханның ақ бұлты» мен «Татьяна Ларина» балеттерінен үзінділерді ташалады. Кеш Морис Равельдің әйгілі «Болеро» шығармасымен аяқталды.
Театр ұжымы Болат Аюханов сахналаған туындыларды қайта жаңғыртып, кейінгі буынға жеткізуге ден қойып отыр. Бұл іске кезінде хореографпен бірге еңбек еткен ұжым ардагерлері де атсалысып, қойылымдардың бастапқы болмысын сақтауға көмектесіп келеді.
Солардың бірі – 1968 жылы қойылған, кейін театрдың төл туындысына айналған «Мәңгілік қозғалыс». Шығарма 60-шы маусым қарсаңында қайта жаңғыртылып, театр репертуарын толықтырды.
Театр Болат Аюхановтың шығармашылық мұрасын сақтай отырып, репертуарын жаңа туындылармен толықтыруды әрі қарай жалғастырады. Мерейтойлық маусымда жаңа хореографиялық қойылымдар сахналау, отандық және шетелдік хореографтармен шығармашылық байланыс орнату, гастроль ұйымдастыру және халықаралық жобаларға қатысу жоспарланған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі