Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа бақылаушылар тізімін қалыптастыратынын хабарлайды. (2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес).

      Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі. 

Құжаттар 2026 жылғы 24-30 қыркүйек аралығында қабылданады.

Жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адам өтінішті нысан бойынша ұсынады (қосымша).

Құжаттар k.kense@mki.gov.kz  электрондық поштасына немесе мына мекенжайға жіберіледі: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс.

Анықтама телефоны: +7 7172 74 04 50