
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды (2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес).
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.
Құжаттар 2026 жылғы 24-30 қыркүйек аралығында қабылданады.
Жұмыс тобының сандық құрамы - 9 адам: коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Құжаттар k.kense@mki.gov.kz электронды мекенжайына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс мекенжайына жіберіледі.
Анықтама телефоны: +7 7172 74 04 50