Отбасы күніне арналған апталық «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында өтті

Отбасы күніне арналған апталық «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында өтті

11 қыркүйекте Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында өтті. Бұл күні отбасы қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқығын, мүддесін қорғау және отбасындағы сыйластық секілді мәселелер айтылды.

Ел өңірлерінде психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

Атаулы күннің негізгі іс-шарасы – «Ашық алаң» пікірталас алаңы. Онда қатысушылар мемлекеттік отбасы саясатының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. 12 қыркүйекте қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсету мәселесіне басымдық беріледі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі