Отбасы күніне арналған апталықтың үшінші күнінде ата-ана жауапкершілігі мен әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі талқыланды

Отбасы күніне арналған апталықтың үшінші күнінде ата-ана жауапкершілігі мен әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі талқыланды


Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталықтың үшінші күні «Саналы ата-ана болу» тақырыбында өтті. Іс-шараларда бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынас және әкенің тәрбиеге белсенді араласуы секілді мәселелер кеңінен айтылды.

Мектептер мен колледждерде психологтар, педагогтер және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен ата-аналарға арналған кездесулер мен кеңестер өтті. Қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және отбасындағы түсініспеушіліктің алдын алу жолдарын талқылады. Мамандар баланың әр жаста болатын өзгерісі, жасөспірім шақтың ерекшеліктері және қажет кезде психолог көмегіне дер кезінде жүгінудің маңызы туралы айтып берді.

Өңірлерде әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылды. Кездесулерде әкенің балаға уақыт бөлуі, эмоциялық қолдау көрсетуі, денсаулығын, оқуын қадағалауы және маңызды шешімдерді бірге қабылдауы сөз болды.

Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. Келесі күн «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» тақырыбында өтеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі