Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы халықаралық фестивальде екі жүлде иеленді

Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы халықаралық фестивальде екі жүлде иеленді

Коломбо қаласында XII Colombo International Theatre Festival халықаралық театр фестивалі аяқталды. Өнер додасында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Қаһар» спектаклін сахналады.

Француз драматургі Жан Ануйдың шығармасы негізінде режиссер Дина Жұмабаева қойған моноспектакль «Үздік спектакль» аталымында жеңіске жетті. Ал басты рөлді сомдаған Аида Жантілеуова «Үздік актриса» жүлдесіне ие болды.

«Қаһар» – адам жанының арпалысы мен ішкі қайшылығын сахна тілімен суреттейтін психологиялық моноспектакль.

XII халықаралық театр фестиваліне Канада, Үндістан, Дания, Польша, Италия, Сербия, Армения, АҚШ және Испанияның театр ұжымдары қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі