АҚШ конгрессмендері Креативті индустрияларды дамыту қорының жұмысымен танысты

АҚШ конгрессмендері Креативті индустрияларды дамыту қорының жұмысымен танысты

АҚШ Конгресінің делегациясы Астанадағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барды. Қонақтарға қор жұмысының негізгі бағыттары мен Қазақстандағы креативті индустрия саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Конгрессмендер зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, музыкалық аспаптар жасау, сән индустриясы, кілем тоқу, қыш және бейнелеу өнері салаларында еңбек ететін қазақстандық шеберлер мен креативті кәсіп өкілдерінің жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ қонақтарға қазақ халқының дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптейтін музыкалық бағдарлама көрсетілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі