
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абай күніне орай «Абай мұралары – көненің көзі» тақырыптық экскурсиясы ұйымдастырылды. Танымдық экскурсия ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, композитор әрі аудармашы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттауға арналды.
Экскурсия «XIII-XX ғасырдағы Қазақстан тарихы» залында өтті. Көпшілікке Абайдың өмір жолы, әдеби-ағартушылық мұрасы, өлеңдері мен «Қара сөздерінің» мән-маңызы айтылды. Сондай-ақ ойшылдың қазақтың рухани мәдениеті мен жазба әдебиетінің дамуына қосқан үлесі сөз болды.
Абай шығармаларындағы білім, ғылым, еңбек, адамгершілік және рухани кемелдену идеяларына ерекше мән берілді. Ақын дәріптеген бұл құндылықтардың бүгін де өзектілігін жоғалтпағаны атап өтілді.
Тақырыптық экскурсия Абай мұрасын кеңінен танытуға, ұлттық әдебиетке, тарих пен мәдениетке қызығушылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі