Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары реставрация жұмыстарын жалғастырып келеді.

Қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін су өтпеуі үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

Кесененің ішкі бөлігінде қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде кесененің едені жаңартылып, есіктер мен терезелер қалпына келтірілгеннен кейін қайта орнатылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ уақыт сақталуына негіз болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі