Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Онлайн форматта өткен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейімдеу және Ақмола облысы әкімдігі мен мәслихаты қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға өз жұмысын ашық жүргізіп, ақпаратқа қол жеткізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі