Қазақстан медиация жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды

Қазақстан медиация жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды

Бейжің қаласында Қазақстанның ресми делегациясы Халықаралық медиация ұйымын құру туралы конвенцияға қол қойды.

Конвенция еліміздегі медиаторлардың халықаралық әріптестік аясын кеңейтіп, әлемдік тәжірибені игеруіне, тәжірибе алмасуына және кәсіби деңгейін жетілдіруіне тың серпін береді.

Құжат дауларды реттеудің заманауи тәсілдерін енгізуге, мемлекетаралық дауларды шешу тетіктерін жетілдіруге және еліміздегі медиация институтының әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен бірге, конвенция Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, мәмілеге негізделген дауларды шешу тәжірибесін кеңінен дамытуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, конвенцияны ратификациялауға қатысты қажетті рәсімдерді жүзеге асырады. Медиация институтын дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Бүгінде Конвенцияға 45 мемлекет қол қойған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі