Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының маусым жабылуына арналған «Мюзикл әлеміне саяхат» атты бағдарлама ұйымдастырылды.
Концертке «GULDER» және «Бірлік» ансамбльдері, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің студенттері қатысты. Бағдарлама төрт бөлімнен тұрды.
Кеш барысында «Достар серті», «Роза Бағланова», «Алдар Көсе» мюзиклдерінен үзінділермен қатар, «Moana», «Mamma Mia», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin», «Memphis», «Seasons of Love», «Waitress» және «Hamilton» секілді әлемдік музыкалық театр туындыларынан көріністер қойылды.
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының ұжымы шығармашылық маусымның қорытындысын шығарып, көрерменге отандық және әлемдік мюзиклдің үздік үлгілерін ұсынды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі