Қазақстан мен Қырғызстан кітапхана қорын сақтау және қалпына келтіру бойынша тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Қырғызстан кітапхана қорын сақтау және қалпына келтіру бойынша тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Қырғызстанда кітапхана қорын сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне арналған дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді.

Іссапар аясында қазақстандық мамандар А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында, Чу облыстық кітапханасында және Орталық Азиядағы Америка университетінде болды. Кітапхана ісінің қызметкерлеріне дәрістер оқылып, басылымдарды консервациялау, қалпына келтіру және ұзақ мерзімге сақтау бағытында тәжірибелік семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан кітапханалары арасындағы кәсіби байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және мәдени мұраны сақтау бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қазақстандық мамандар Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясындағы Сирек қолжазбалар мен кітаптар қорында болып, тарихи құжаттар мен қолжазбаларды сақтау және қалпына келтіру тәжірибесімен танысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі