Ғабит Мүсірепов театры алғаш рет қойылымды онлайн форматта көрсетті

Ғабит Мүсірепов театры алғаш рет қойылымды онлайн форматта көрсетті

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алғаш рет спектакльді тікелей эфирде көрсетті. Көпшілік театрдың ресми YouTube арнасы мен Instagram парақшасы арқылы «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымын тамашалады.

Бұл бастама театрдың цифрлық кеңістіктегі алғашқы қадамдарының бірі ретінде жүзеге асырылып, театр өнерін қалың көрерменге жақындатуды көздеді. Онлайн көрсетілім еліміздің әр өңіріндегі және шетелдегі көрерменге қазақ театр өнерімен танысуға мүмкіндік берді.

Бүгінде әлемдік театр тәжірибесінде онлайн көрсетілімдер кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, National Theatre Live пен TheatreHD жобалары театр өнерін цифрлық кеңістікке шығарып, аудиториясын кеңейте түсуге ықпал етеді.

Көрсетілімді ұйымдастыру барысында дыбыс пен бейне сапасына ерекше мән берілді. Бұл шығармашылық және техникалық ұжым үшін жаңа тәжірибе мен кәсіби ізденіске жол ашты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі