
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері мен Өзбекстан Республикасының «Өзархив» агенттігінің делегациясы кездесті. Жиын барысында архив ісін дамыту, жазба мұраны сақтау және зерттеу бағытындағы маңызды мәселелер қарастырылды.
Іс-шара аясында Қазақстан тарихына арналған көрме ұйымдастырылып, шетел архивтерінен табылған және ғылыми айналымға енгізілген құжаттар көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ делегация мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығын аралады. Көпшілікке құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау зертханалары, цифрландыру кабинеттері мен архив мекемелерінің заманауи техникалық мүмкіндігі таныстырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі