Қазақстан мен Сингапур архив ісін дамытуға қатысты жаңа бастамаларды талқылады

Қазақстан мен Сингапур архив ісін дамытуға қатысты жаңа бастамаларды талқылады

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері Сингапур Ұлттық архивінің делегациясымен кездесті.

Кездесуде архив ісін дамыту және осы бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, тараптар архив қорларын сақтау, құжаттарды цифрландыру және электронды архив жүйелерін енгізу мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жұмысы таныстырылды. Делегация мүшелеріне реставрация және консервация зертханалары және архив құжаттарын сақтау жағдайы көрсетілді.

Сонымен қатар Сингапур Ұлттық архивінің өкілдері Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығын аралады. Мұнда қонақтар көне жазба мұраларды қалпына келтіру мен зерттеуге бағытталған жұмыстарға айрықша қызығушылық танытты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі