
Астанада мемлекеттік орган, бизнес қауымдастық өкілдері, сарапшылар, Орталық Азия елдері және Қытайдың жас көшбасшыларының қатысуымен «E-Light – Энергетикалық Жібек жолы» форумы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Энергетика министрлігінің өкілдері, ұлттық компаниялар, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың жетекші білім беру және қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты.
Форум барысында «Бір белдеу – бір жол» жобасын дамыту, жастардың кадрлық әлеуетін жетілдіру, энергетика саласына инновациялық технологияларды енгізу, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету және цифрлық дәуірде мәдени бірегейлікті сақтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Жібек жолы бойындағы мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда және жаңа гуманитарлық байланыстарды дамытуда жас буынның рөлі сөз болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі