Қазақстан жастары халықаралық Voice Up инклюзивті лагеріне қатысып жатыр

Қазақстан жастары халықаралық Voice Up инклюзивті лагеріне қатысып жатыр

2026 жылғы 7-12 маусым аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Voice Up халықаралық инклюзивті жастар лагеріне еліміздің делегациясы қатысып жатыр.

Қазақстан делегациясы қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, инклюзивті білім беру саласының мамандары, белсенді жастар және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып жүрген жоба жетекшілері бар.

Лагерь ерекше қажеттілігі бар жастардың әлеуетін ашуға, халықаралық байланысты нығайтуға, волонтерлік мәдениетті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталады.

Бағдарлама аясында халықаралық форумдар, тақырыптық тренингтер, менторлық кездесулер, әлеуметтік бастамалардың таныстырылымдары, мәдени іс-шаралар және жастар делегацияларының қатысуымен ашық пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі