Қазақстанда өңірлік креативті индустрияны дамытуға бағытталған Creative Aimaq жобасы басталады

Қазақстанда өңірлік креативті индустрияны дамытуға бағытталған Creative Aimaq жобасы басталады

Креативті индустрияларды дамыту қоры өңірлердің шығармашылық әлеуетін танытып, жергілікті брендтер мен мәдени бастамаларды көпшілікке кеңінен насихаттауға арналған Creative Aimaq жәрмеңкесін бастайды.

Жоба аясында көрме, шеберлік сабағы, мәдени бағдарлама және жергілікті өндірушілердің өнімдерін таныстыру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Жобаның алғашқы аптасы Ақмола облысына арналады. 13-14 маусым аралығында Креативті индустрияларды дамыту қоры алаңында өңір өндірушілері өз өнімдері мен авторлық жобаларын көпшілікке ұсынады.

Бүгінде Ақмола облысында креативті индустрия саласында 1 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан тіркелген. Өңірдегі неғұрлым дамыған бағыттардың қатарында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, компьютерлік ойындарды шығару, тоқыма және тігін өндірісі, ұлттық киім тігу, сондай-ақ кәдесый дайындау бар.

Жоба аясында келушілер өңір шеберлері мен өндірушілердің бірегей өнімдерін сатып ала алады.
Баршаңызды жоба аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: https://2gis.kz/astana/geo/70030077083740265/71.444794,51.103435 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі