Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткен экологиялық акцияларға 3,5 мыңнан астам адам қатысты

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткен экологиялық акцияларға 3,5 мыңнан астам адам қатысты

Қазақстанда 5 маусым күні аталып өтетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай 3,5 мыңнан астам адамның қатысуымен 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды.

Ірі бастамалардың бірі – Қазақстан мен Ресейде бір мезгілде өткен «Таза өзендер үшін бірлескен іс-қимыл күні» акциясы. Жоба БҰҰ жариялаған тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтіп жатыр.

2026 жылғы 5-6 маусым күндері екі елдің волонтерлері, жастар жасақтары, үкіметтік емес ұйымдары мен белсенді азаматтары өңірдегі негізгі өзендердің жағалауларын тазалау жұмыстарына жұмылдырылады.

Экологиялық акциялар Жайық, Ертіс, Есіл және Тобыл секілді трансшекаралық өзендердің бойында өтті. Ресей аумағында да осы өзендердің жағалауларында қатарлас тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық волонтерлікті дамыту жобасы шеңберінде Ұлттық волонтерлік желі тарапынан жүзеге асырылып жатыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі