Қазақстан Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жастарының цифрлық форумына қатысты

Қазақстан Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жастарының цифрлық форумына қатысты

Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер жастарының цифрлық форумы өтті. Аталған форумға жас көшбасшылар, ІТ мамандар, инноваторлар, әзірлеушілер және цифрлық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясы жасанды интеллектіні енгізу мүмкіндіктері, цифрлық экономиканы дамыту және инновациялық жобаларды қолдау мәселелеріне арналған панельдік пікірталастар мен сараптамалық сессияларға қатысты. Форумға қатысушылар инновациялық жобалар көрмесінде ұсынылған озық ІТ шешімдер мен стартап жобалармен танысты.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жастарының цифрлық форумы тәжірибе алмасуға, халықаралық байланысты нығайтуға және ұйымға мүше елдер арасындағы цифрлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі