Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды

2026 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды.

Мемлекеттік стипендиялар отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады. Бұл қолдау өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Байқауға мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатыса алады. Құжат қабылдау 2026 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады.

Құжатты тапсыру тәртібі, қажетті материалдар тізімі, қабылдау мерзімі мен байқау талаптары туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады. 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі