Халықаралық волонтерлер жылы аясында Қостанай облысында 700-ден астам іс-шара өтті

Халықаралық волонтерлер жылы аясында Қостанай облысында 700-ден астам іс-шара өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Осыған орай әлемнің бірқатар елінде азаматтық белсенділікті арттыруға және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған экологиялық, әлеуметтік әрі қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Бастамаға Қостанай облысы да белсенді түрде атсалысып келеді. Жыл басынан бері өңірде 774 волонтерлік іс-шара өткізілді.

Өңірдегі белсенді ұйымдардың бірі – 2018 жылы Қостанай қаласында құрылған «Neco» экологиялық клубы. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеумен және төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетумен айналысатын «Регион-10» ерікті іздестіру-құтқару жасағы да көпшілікке жақын таныс. Волонтерлік қозғалыстардың қатарында гемофилиямен ауыратын жандардың «Тұмар» қауымдастығы да бар.

Қазіргі таңда облыста әлеуметтік, экологиялық және ағартушылық бағыттағы жобаларды жүзеге асырып жүрген 12 022 волонтер мен 334 коммерциялық емес ұйым жұмыс істейді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі