Астанада Кеңшілік Мырзабековтің шығармашылық мұрасына арналған кітаптардың таныстырылымы өтті

Астанада Кеңшілік Мырзабековтің шығармашылық мұрасына арналған кітаптардың таныстырылымы өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Кеңшілік Мырзабековтің 80 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.

Жиынға ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар мен оқырман қауым қатысты.

Кеш аясында Кеңшілік Мырзабековтің шығармашылық мұрасына арналған үш кітаптың таныстырылымы өтті. «Менің мұңым – махаббат» атты жыр жинаққа ақынның әр жылдары жарық көрген және бұрын жарияланбаған өлеңдері енген. «Дәуір – дастан» жинағында автордың Отан, уақыт, өмір мен адамзат туралы толғамдары топтастырылған. Ал «Қайран Кеңшілік!» атты жинаққа ақын туралы мақалалар, естеліктер, эсселер мен арнау өлеңдер жинақталған.

Іс-шараға қатысушылар Кеңшілік Мырзабековтің шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінде айрықша орын алатынын атап өтіп, ақын туындылары бүгінгі оқырманның жүрегінен де орын тауып келе жатқаны айтылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі