«Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі» жобасына өтінім қабылдау басталды

«Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі» жобасына өтінім қабылдау басталды

Креативті индустрияларды дамыту қоры қазақтың сирек кездесетін, бірегей әрі ұмыт бола бастаған қолөнер түрлерімен айналысатын шеберлерді «Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі» жобасына қатысуға шақырады.

Жоба ұлттық өнерді сақтауға, дәстүрлі кәсіп түрлерін жаңғыртуға және қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуге бағытталады.

Іріктеуден өткен шеберлер жоба аясындағы білім беру бағдарламасына қатысып, ұлттық кодты, мәдени сабақтастықты және қазақ халқының бай мұрасын сақтауға өз үлесін қоса алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 31 мамырға дейін электронды форматта қабылданады. Қатысу үшін сілтеме арқылы арнайы форманы толтырып, портфолио ұсыну қажет. Портфолио Instagram-парақша сілтемесі, бейнетаныстырылым, PDF-презентация, шығармашылық жұмыстардың фотосуреттері немесе шебердің осыған дейінгі жүзеге асырған жобалар тізімі форматында қабылданады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі