Астанада Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

Астанада Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Олжас Сүлейменов – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге ақынның 50-ден астам еңбегі қойылған. Олардың қатарында «Аз и Я», «Таңбалар тілі», «Преодоление», «Стихи разных лет», «Литература – это жизнь», «Айналайын» және өзге де туындылары бар.

Сонымен қатар оқырмандар QR-қосымша мен Kazneb ұлттық электронды кітапханасы арқылы ақынның әдеби мұрасымен, тіл білімі мен тарихқа қатысты зерттеулерімен таныса алады.

Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі