
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург әрі сазгер Исраил Сапарбайдың шығармашылығына арналған «Жыр айдынының алып кемесі» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шара ақынның мол әдеби мұрасын насихаттап, қазақ поэзиясы мен әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның еңбегін кеңінен танытуға бағытталды.
Кеш барысында көпшілікке Исраил Сапарбайдың шығармалары топтастырылған көрме ұсынылып, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнеролик көрсетілді.
Жиын соңында қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады. Олардың қатарында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Махаббат мәңгі ертегі», «Сағыныш» секілді халық арасында кең таралған туындылар болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі