Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті

Жеңіс күніне орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлы Жеңіске тағзым» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылды. Көрме майдангерлер ерлігін ұлықтауға, Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттерді насихаттауға және жас ұрпақты отаншылдыққа баулуға бағытталды.

Экспозицияда соғыс жылдарындағы оқиғаларға, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігіне арналған деректі, публицистикалық және көркем шығармалар ұсынылды. Олардың қатарында Мәлік Ғабдуллин, Ғабит Мүсірепов, Қасым Қайсенов, Ләйла Ахметова, Бисен Жұмағалиев және өзге де авторлардың еңбектері бар.

Көрме аясында оқырмандарға жауынгерлер ерлігі мен Ұлы Жеңіс тарихына арналған әдебиеттерге шолу жасалды. Көпшілікке соғыс жылдарындағы оқиғаларды қамтитын ғылыми еңбектер мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ғалым-ардагерлердің естеліктері таныстырылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі